Бас прокуратура өкілдері, неміс сарапшылары меморгандар мен банк саласындағы кибер қылмыстарға қарсы әрекет ету жолдарын талқылады - ШҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласында ««Мемлекеттік органдарда және банк қызметінде пайдаланылатын компьютерлік технологиялар саласында қылмыстарды тергеу және тексеру жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
None
None

Шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Германиялық халықаралық IRZ құқықтық ынтымақтастық қоры ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелді ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоганн Меркель және IRZ жобасының басшысы Татьяна Бовкун ашты. Форумның жұмысында құқық қорғау органдарының, адвокатура, Қазақстан және Германияның академиялық топтарының өкілдері қатысты.

Бас прокуратураның өкілдері атап өткендей, кибер қылмыстардың проблемасы қазіргі уақытта аса өзекті болып табылады. Глобальды ғаламтор жүйесін пайдаланумен жасалатын қылмыстық әрекеттерге қарсы тұру мақсатында, жаңа қылмыстық Кодекс жеке тараумен толықтырылды. Оған ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар енгізілді. Трансұлттық компьютерлік қылмыстылықтың трансұлттық сипаты кибер қылмыстармен күресте тиімді әдістерді дайындауын және қылмыстылықпен күрестің кез келген стратегиясының бөлігі болып табылатын негізгі мәселелер бойынша жалпы саясатты дайындауын қажет етеді.

Іс-шара барысында, Германияның мемлекеттік органдарында және банк саласында жасалатын кибер қылмыстардың тәжірибесімен байланысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Неміс сарапшылары кибер қылмыстылық саласында құқық қорғау органдарында жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен таныстырып, осы қылмыстардың түрлерімен күрес және қарсы әрекет ету стратегиясын жетілдіру бойынша пікірлерімен алмасты, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар