Бас прокуратура отандық энергия өндіретін кәсіпорындарды тексеріп жатыр

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.
Оның сөзіне қарағанда, соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда электр энергиясын өндіру 5 мың мВт-қа артқан. Бұл ел экономикасын индустрияландыру үдерісін қажетті энергиямен қамтамасы етуге мүмкіндік береді. «Біз өсіп келе жатқан тозу мен апаттылықты 12 пайызға төмендеттік», - деді ол.
Дегенмен, бұл салада кемшіліктердің де бар екендігін жасырмаған Ә.Исекешов: «Біз өткен жылы және биыл қаржы пайдалану тиімсіздіктері мен ескі құрал-жабдықтарды қолдану фактілерін анықтадық», - деді.
Министрдің атап өтуінше, қазіргі таңда еліміздің Бас прокуратурасы Бәсекелестік қорғау агенттігімен бірлесіп, жоғарыда аталған фактілер анықталған барлық электр өндіретін стансаларды тексеріп жатыр.