Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне қылмыстық іс қозғады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісімен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандай да бір ақпараттың шығуына қарай біз қажет болған жағдайда өзге елдерге, оның ішінде Ресейге де жүгінетін боламыз. Ақпараттың түсуіне байланысты барлық елге жүгінеміз. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады», - деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Алайда, бүгін күдіктінің ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі наурыздың 27-і күні білгені анықталды.


Соңғы жаңалықтар