Шекара қызметі Серік Күдебаевтың елден қашып кеткенін 27 наурызда білген

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы кесіп өткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны ресми өткізу пунктері арқылы кесіп өткен жоқ. «Күдікті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп, Қырғыз еліне өтті және ол жақтан үшінші елге кетіп қалды» деген ақпараттың түсуіне байланысты шекарашылар мемлекеттік шекараны заңсыз кесуі мүмкін жерді анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа көрші ел де қосылды. Қырғыз Республикасының шекара қызметіне ресми сауал жіберілді. Меніңше, қазіргі уақытта бір нәрсе айтуға ерте. Жүргізіліп жатқан тексерудің аяқталуын күту қажет», - деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол шекара қызметі Серік Күдебаевтың елден қашын кеткенін 27 наурызда білгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар