Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков
Фото: Бас прокуратура

Нұрдәулет Мықтыбекұлы еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі ретінде бастаған. 

Әр жылдары Бас прокуратураның бөлім бастығы, Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Департамент бастығының орынбасары — Бас прокуратураның ресми өкілі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Стартегиялық даму департаментінің бастығы, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болды.

Кейінгі екі жыл Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымында қызмет істеді.

Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. 

Бұған дейін Ерлан Өтегенов бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар