18:33, 11 Мамыр 2018 | GMT +6
Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетіне жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.