Бас прокурор: 11 айда 200 мың азаматтың әлеуметтік құқығын қалпына келтірдік
АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокурор Берік Асылов 2025 жылдың 11 айында прокуратура органдары шамамен 200 мың азаматтың әлеуметтік құқығын қалпына келтіргенін мәлім етті.
Оның айтуына қарағанда, жыл басынан бері прокурорлар мемлекетке келтірілген 1 триллион теңгеден астамы зиянды өтетіп, 215 млрд теңгенің бюджет шығынына жол бермеген.
- Сот саласында мыңға жуық адамның үстінен шығарылған актілер заң талаптарына сәйкестендіріліп, сотталған 150 адамның жағдайы жақсартылды. Әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша шамамен 3 мың сот актісі түзетілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында инвестициялық жобаларға құқықтық сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Прокурорлар тарапынан 2 мыңға жуық инвесторға қолдау көрсетілді, - деді Берік Асылов.
Бұған дейін прокуратура жеке сот орындаушыларының жасырған табысын анықтап, қосымша салық өндіргенін жазған едік.