12:10, 30 Қаңтар 2013 | GMT +5
Бас прокурор: Қазақстанда сотталғандар саны 25 пайызға азайды
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда сотталғандар саны 25 пайызға азайды.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құқық қорғау органдары басшыларымен өткізіп жатқан кеңесінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осылай деді.
Оның атап өтуінше, Елбасының қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясаты мен рақымшылық жасау нәтижесінде сотталғандардың саны 25 пайызға қысқарды. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық индекстегі рейтингін 18 ұстанымға жақсартуға мүмкіндік алды.
«Жазалау процедурасы да өзгерді. Өткен жылы соттар бас бостандығынан айырудың орнына 25 пайыз бостандығын шектеу шарасын қолданды, бұған дейін ол небәрі 2 пайызды құрайтын», - деді еліміздің Бас прокуроры.