Бас прокурор ҚР Президентіне құқық тәртібі мен заңдылықтың жай-күйі, лаңкестік пен экстремизм фактілері бойынша істерді тексеру барысы туралы баяндады

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Бас прокурор Президентті елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі, лаңкестік пен экстремизм, сыбайлас жемқорлық және бюджеттік қаржыны қымқыру фактілері бойынша маңызды қылмыстық істерді тергеу барысы туралы хабардар етті.

А. Дауылбаев сондай-ақ әділетті құқықтық статистиканы қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен сыртқы экономикалық саладағы мемлекеттің мүддесін қорғау жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Бас прокурор елдегі криминогендік жағдай тұрақты қалыпта екенін, ауыр және аса ауыр қылмыстар қатары төмендегені байқалып отырғанын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің, мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғауды күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар