Бас прокурор орынбасары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар Андрей Кравченкоға газға байланысты тарифтің көтерілуі, жер телімдері мен құрылыстарды заңдастыру, құрылтайшылардың үлесін сот шешімі бойынша қайтару секелді мәселелерді көтерді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Бейнебайланыс конференциясы пішімінде өткен қабылдау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасарына өңірдің тұрғындары да арыз-шағымдарын жеткізді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ерғали Жәнібеков «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалының басшысына шағымданды. Оның айтуынша, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның ОҚО облысы бойынша филиалы газды қосуға байланысты тарифті заңсыз көтеріп отыр. «Компания ешқандай негізделмеген себептермен газға тарифті көтеруде. Мысалы, қызмет көрсету үшін баға 280 %-ға, ал, газға қосу үшін 590%-ға ұлғайды. Сізден оның заңдылығын тексеруді сұраймыз», - деді Е. Жәнібеков ҚР Бас прокурорының орынбасарына. Өз кезегінде шағымданушыны тыңдап шыққан Андрей Кравченко аталған іс бойынша жұмыс жүргізілетінін және Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорымен бірге бұл мәселенің бақылауға алынатынын айтты.

«Ал Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауылының тұрғыны Марица Котвицкая жер телімі мен құрылысын заңдастыруға ықпал етуге өтініш білдірді. Ол 2007 жылдан бері өзінің жер телімі мен құрылысын заңдастыра алмай келеді екен. «Проблемамды шешу үшін жергілікті органдарға бірнеше рет бардым, бірақ 2007 жылдан бері менің мәселем шешілмей келеді, осыған ықпал етуіңізді сұраймын», - деген өтінішін айтты Марица Котвицкая. Андрей Кравченко келушінің өтінішін тыңдап шығып, бұл мәселенің бақылауға алынатынын, оның шешілуі үшін Солтүстік Қазақстан облысының прокурорына тапсырма берілетінін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар