Бас прокурор өзін-өзі өртеген адам үшін біліксіз мамандарды кінәлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселелеріне арналған жиында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов өзін-өзі өртеген адамға қатысты мамандардың біліксіздігін кінәлады. Еске сала кетейік, осыдан біраз бұрын Бас прокуратура ғимаратының алдында әйел адам өзін-өзі өртеген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кетерлігі, жиында Бас прокуратураның Кадр жөніндегі департамент басшысы Александр Огай мамандарды іріктеу жұмысы жайында баяндаған болатын. Оның айтуынша, биыл арнайы жоба аясында іріктеудің жаңа жүйесі енігізіледі. Алайда осы жұмыс барысында көптеген олқылықтар анықталған.

«Біз құжат қабылдауды бес күн емес, бір жарым ай жүргіздік. Шыны керек, жастар белсенді түрде қатысты. Бір айдың ішінде 1 350 адам өтініш берді. Дегенмен, олардың ішінде тек 378-і ғана заңды білетіндерін дәлелдеді. Ал сынақтан 69-ақ адам өтті. Неге олай? Біздің талабымыз жоғары да емес. Біздіңше, негізгі мәселе - білім беру деңгейінің төмендігінде», - дейді А. Огай.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы, іріктеуге 82 университеттің өкілдері қатысып, 52 жоғары оқу орынның түлегі сынақтан өте алмадыҚызыл дипломмен оқу орнын бітіргендердің өзі қарапайым заңдарды білмейтін болып шыққан. «Конкурсқа қатысқан Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университетінің бір түлегі бір сағаттың ішінде еңбек тәжірибесіне қатысты төрт-ақ жол жазыпты. Ал эссеге екі сағат кетірсе де, алты-ақ жол шығарманы жазып берген. Жолдасбеков атындағы экономика мен құқық академиясының түлегі үш сағат отырып, 140 сөзден тұратын шығарма жазды. Есесіне ол 53 орфографиялық қате жіберді. Тіпті сынақтан өткен 62 үміткер псиxологтың сынына шыдай алмады. Олардың есірткі, алкоголь, ойын-сауық пен суицидке жақын екені анықталды. Расында, бізге ботаниктер керек емес. Нағыз кәсіби мамандар қажет», - деді департамент басшысы.

Дәл осы сәтте ҚР Бас прокурор Жақып Асанов баяндамашыны тоқтатып: «Мен кешірім сұраймын, бір апта бұрын біздің ғимаратымыздың алдында бір адам өзін-өзі өрттеп жіберді. Енді, ойланып көріңізші, біз жаңағы айтылған мамандарды жұмысқа алсақ, не болады? Иә, оларда диплом бар. Бірақ ондай қызметкерлер xалықпен сөйлесе ала ма? Азаматтардың мұң-мұқтажын түсіне ала ма? Негізі, ақшаны ғана ойлайтын жоғары оқу орындарын жабу қажет. Әкімшілік ресурстармен емес, ата-аналардың санасына жеткізу арқылы, жастарға кеңінен түсіндіру арқылы ондай білімнің түкке тұрмайтынын ашық көрсетуіміз керек», - деп атап көрсетті Ж.Асанов. Оның айтуынша, бүгінде прокурорлар қатарында заңды бұзатын мамандар әлі де бар.

Соңғы жаңалықтар