Бас прокурор ТМД елдері Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 мамыр күні Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Санк-Петерборда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің (БПҮК) кезектен тыс отырысына қатысты.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Отырысқа ТМД мемлекеттері - Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина жоғарғы қадағалау органдарының басшылыры қатысты.

Отырыс барысында Кеңес қызметінің есебі және БПҮК қызметінің мәселелері талқыланды.

Қазақстан Бас прокуроры өзінің баяндамасында ТМД мемлекеттеріндегі заңдылық жағдайы бойынша ақпарат алмасуға, құқықтық реттеуді жетілдіру шаралары туралы ұсыныстарды дайындауға және келісуге, трансұлттық қылмыстардың жағдайын саралауға және т.б. белсенді түрде септігін тигізетін әрекет етуші орган ретіндегі Кеңестің қызметін ерекше атап өтті.

А.Дауылбаев отырысқа қатысушыларды бірлескен келісімдердің жүзеге асырылу барысы және заңнамалық дерекқорды жетілдіру бойынша қолданылып отырған шаралар туралы хабардар етті.

Сапар барысында Қазақстан пас Прокуроры Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайкамен және БПҮК-нің атқарушы хатшысы Леонид Ермолаевпен келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар Армения, Беларусь, Украина бас прокурорларымен екіжақты кездесулер өткізіліп, онда қарым-қатынастың негізгі бағыттары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар