Бас Прокурордың Словакиядағы сапары барысында екі ел арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қою мәселесі қаралды

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Словакия Республикасына барған Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Словакия Бас прокурорының міндетін атқарушы Ладислав Тихиймен және Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Моника Янковскаямен кездесті.
None
None

Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрестегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Екіжақты қатынасқа қосымша екпін беретін Қылмыстық істер бойынша Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа жақын арада қол қойылу мүмкіндігі туралы мәселелер келіссөздің маңызды тақырыбы болды.

Л.Тихий мемлекеттің халықаралық құқықтық саясатын жүзеге асырудағы Қазақстан прокуратурасының рөлін жоғары бағалай отырып, Словакияның Бас прокуратурасы аталмыш Шартқа жақын арада қол қойылуына және оның әрі қарай жүзеге асырылуына бар күш-жігерін салатындығын жеткізді.

Ал Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен жүздесу барысында сұхбаттасушылар заңдылықты және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет жөніндегі күш-жігерлерін ұйымдастыру мәселелері бойынша мүдделі ынтымақтастықтың жалғасуына ниетті екендіктерін растады.

Соңғы жаңалықтар