Бас редакторлар клубы журналистердің қатысуымен болатын дауларда медиатор болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Клубтың даулы жағдайларды сотқа жеткізбей шешуге пайдалануға болатын қажетті ұйымдастырушылық және шығармашылық-интеллектуалдық ресурстары жеткілікті», - деді Бекхожин.

 Бас редакторлар клубы журналистердің қатысуымен болатын дауларда медиатор болуы мүмкін

Бүгін Ерлан Бекхожин Жоғарғы сотқа журналистердің арасында дау туған жағдайда бас редакторлар клубын медиатор ретінде пайдалануға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз ұсынысын БАҚ әлеуметтік институт ретінде қоғамдық келісім орнатушы, дегенмен, журналистер көбінесе даулы жақтың сөзін сөйлейді, бұл қауіпті деп түсіндірді.

«Осыған орай, осындай даулы жағдайларды маған жақында ғана басқаруға сенім артқан Бас редакторлар клубының диалог алаңы арқылы реттеуге болады деп ойлаймын. Клубтың мұндай жағдайларды сотқа жеткізбей шешуге пайдалануға болатын қажетті ұйымдастырушылық және шығармашылық-интеллектуалдық мүмкіндіктері жетерлік», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Клубтың медиатор ретінде толыққанды тіркеуден өтуге дайын екендігін білдірді.