«Бас редакторлар клубына» 5 жыл

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің 5 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті.
None
None

«Біздің Клубтың көтеретін мәселелерінің ең бастысы - журналистиканың дефломациясы. Біз журналистикаға деген осындай көзқарасты өзгерту үшін барымызды салып келеміз. 5 жыл ішінде Клуб сөз бостандығы мен журналистердің ақпаратқа қолжетімділігі жағдайын жақсарту үшін көптеген шаруа атқарды. Сондай-ақ, журналистердің жауапкершілігін арттыруда да қолға алынған шаралар аз емес», - деп атап өтті Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай.

«Өздеріңіз білесіздер, жақында Қазақстан журналистері одағы мен клуб мүшелері бірлесе отырып, Қазақстан журналисінің этика кодексін қабылдады. Мұның өзі журналистиканың дамуына үлкен үлесін қосады деп білеміз», - деді ол.

Клуб 2007 жылдың 12 қарашасында ресми тіркеуден өтіп, өз жұмысын бастаған болатын. Ерікті қоғамдық бірлестікке бүгінде еліміздегі көптеген БАҚ басшылары мен жетекшілері мүше болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің 5 өңірлік филиалы, 200-ден астам мүшелері бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум