Бәсекелестік ортаға берілген «Орал таза сервис» мекемесі қалалық коммуналдық меншікке қайтарылады - БҚО әкімі

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бәсекелестік ортаға берілген «Орал таза сервис» мекемесі қалалық коммуналдық меншікке қайтарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
None
None

«Орал таза сервис» - Орал қаласының тазалығын ұйымдастыратын мекеме. Кезінде біз мұны бәсекелестік ортаға береміз деп, Германияның азаматымен бірге біріккен кәспорын құрған болатынбыз. Дегенмен, ойлаған жоспарларымыз іске аспай қалды. Қазіргі таңда біз Бәсекелестікті қорғау агенттігіне оны қайтадан коммуналдық меншікке алу жөнінде ұсыныспен шығып жатырмыз» - деді Н.Ноғаев.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда «Орал агрореммаш» АҚ коммуналдық қызметке арналған техникалар шығаруда. Сол мекемеден қала тазалығын ұйымдастыруға 8 машина және мың еуроконтейнер сатып алынған.

«Бұл контейнерлердің ерекшелегі неде? Мысалы бұрын контейнерлер темірден жасалып, тез тозатын болса, қазіргі таңда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Орал агрореммаш» мекемесінде жүзеге асырылған ыстықтай мырыштау цехының көмегімен бұл өнім мырышталып, тот баспайтын берік контейнерлер жасалуда. Бұл шығындарды азайтады, жылда контейнер ауыстырмаймыз», - деді облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар