Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен Сауда-өнеркәсіп палатасы Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасаспақ

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасаспақ. Бұл жайлы бүгін Алматыда «Бәсекелестік туралы» жаңа заңды түсіндіруге арналған семинар-кеңесте айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Кәсіпкерлікте тұтастай құрылым құрып, түрлі салалар бойынша 35-тей комитет аштық. Бізде тұтас қауымдастықтар жұмыс жасайды. Кәсіпкерлікті дамытуда қай жерде қандай мәселелер туындап отырғанын анықтап, кедергілерді бірлесіп жоюға әзірміз. Биыл құрылғанына 50 жыл толатын ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы осы уақытқа дейін әлем бойынша 72 сауда келісімін жасады. Біз отандық кәсіпкерлікті дүниежүзіне насихаттап, оны дамытумен айналысамыз», - дейді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Серік Тұржанов. Оның бұл ұсынысына ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев қолдау көрсетіп, Ынтымақтастық туралы меморандум жасауға дайын екендіктерін білдірді. Оның сөзіне қарағанда, «Бәсекелестікті қорғау туралы» жаңа заңда да қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау қарастырылған.
Соңғы жаңалықтар