Бәсекелестікті қорғау агенттігі өкілдері азық-түлік бағасын бақылауда
Өткен екі аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері азық-түлік тауарлары нарық субъектілеріне қатысты қосымша 21 хабарлама шығарды. Тұтастай алғанда ағымдағы жылғы үш айда бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 46 хабарлама шығарылды, оның ішінде 19 хабарлама – тауық жұмыртқасы бойынша, 11– күнбағыс майы бойынша, 7 – қант бойынша, 4 – қарақұмық жармасы бойынша, 2 – сүт өнімдері бойынша, 2 – тауық еті бойынша, 1-макарон (рожки) бойынша.
Бүгінгі күні азық-түлік тауарлары нарық субъектілері ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау туралы 17 хабарламаны орындады (9 - тауық жұмыртқасы бойынша - Шымкент қаласында, Қостанай, Атырау, Жамбыл, Ақмола, Павлодар облыстарында, СҚО-да, 3 - Жамбыл және Қарағанды облыстарында қант бойынша, 2 - Қарағанды облысында қарақұмық жармасы бойынша, 3 -Шымкент қаласында, Қарағанды облысында, СҚО-да күнбағыс майы бойынша).
Хабарламаларды орындау кезінде тауық жұмыртқасын өндірушілер бағаның 5%-ға (Шымкент қ., Ақмола, Қостанай облыстарында), көтерме саудада жеткізушілер 10%-ға күнбағыс майы (СҚО), қант және қарақұмық жармасы (Қарағанды облысы) бойынша төмендегенін мәлімдеді.