11:04, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Башқұртстан президенті Астанада дәріс оқиды
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Башқұртстан президенті Рустэм Хамитов Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқиды.

Іс-шара аясында Еуразия ұлттық университеті мен Башқұртстанның жоғары оқу орындары арасында мәдени-ғылыми ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылады. Олардың ішінде осы елдің Мифтахетдин Ақмолда атындағы Башқұрт педагогикалық университеті және Башқұртстанның мемлекеттік университеті бар.
Айта кетейік, аталған шара Қазақстандағы Башқұрстан күндері аясында ұйымдастырылуда.