«Басымнан атты, бұғып қалдым»: Руслан Берденов сотта не айтты

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырысқа жәбірленуші онлайн режимде қатысып, оқиғаның қалай болғанын баяндады.  

«Басымнан атты, бұғып қалдым»: Руслан Берденов сотта не айтты
Коллаж: Kazinform/ Gov.kz

Берденовтің айтуынша, шабуыл жасаушы оған тура басынан оқ атуқан.

– Алғашқы оқ тура басыма бағытталды. Бұғып үлгердім. Артымнан төрт рет оқ атылды. Жерге құладым. Қасыма келіп, тағы да мылтығын оқтап жатты. Қансырап жаттым, бірақ орнымнан тұрмасам, өлетінімді білдім. Бір қолым істемей қалды. Сөйтіп орнымнан тұрып, Жиембаймен алыстым. Сол кезде қарудың жерге құлағанын естідім. Жиембай қашуға дайындалып жатқанда, жүргізушім Мейрамбек оған тосқауыл болып, көлікпен жәй келіп қақты. Тұрда да қашты. Одан кейін мен құладым, – деді ол.

Әкім орынбасарының сөзінше, дәл осы сәтте жанында болған екі қыз алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

– Олардың біреуі медбике екен. «Ұйықтамаңыз, көзіңізді жұмбаңыз» деп демеп отырды. Солар маған алғагшқы көмек берді. Сол сәтте оң өкпемнің істемей қалғанын сездім. Ауа жетпей жатты. Тыныс ала алмай, аузыма қанның дәмі келгенде өмірімнің соңғы сәті жеткендей ойладым. Ота кезінде өкпемнің 20 пайызы алынып тасталды. Бауырымды шашып, қайта жинады, – деп атап өтті Берденов.

Сондай-ақ, ол қастандық жасаған адамның Ернар Жиембай екенін кейін ғана танығанын айтты.

– Алғашында кім екенін байқамадым. Біреу жүгіріп келді. Қолындағы қаруды көрдім. Тура басқа атты. Отырып үлгердім. Қараңғыға қарай ұмтылдым. Кейін арт жағымнан төрт рет оқ атты, – деді жәбірленуші.

Сот процесі әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс сотқа жолданғанын жазған болатынбыз.

21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны мәлім болған. Ол жарақат алып, ауруханаға түсті.

Руслан Берденов ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

 

Соңғы жаңалықтар