Басқа елдің азаматтарын заңсыз жұмысқа қабылдағаны үшін шетелдік компанияға 400 мың теңгедей айыппұл салынды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Дженерал Электрик Интернэшил» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы филиалы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 519-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде 396,4 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған компания рұқсатнамаға сәйкес келмейтін мамандықтар бойынша шетел азаматтарын жұмысқа қабылдаған.

Сот отырысында компания филиалының өкілі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен толықтай келісті.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осындай себеппен бұдан бұрын аталған сот қаулысымен «Сайпар Дриллинг Компани Карачаганак Проджект» филиалына 3 мың АЕК көлемінде 5,946 млн. теңге айыппұл салынған болатын.

Соңғы жаңалықтар