13:28, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Басқарылатын ғарыш кемесі Гагарин ұшыру алаңына орнатылды
ЙҚОҢЫР. 11 қараша. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - Бүгін таңертең «Союз ТМА-22» басқарылатын көліктік ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыраны №112 монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып,
Гагарин ұшыру алаңына орнатылды.
Ресейғарыш баспасөз қызметі хабарлағандай, басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру дайындығы жоспар бойынша жүруде. Бүгін ғарыш саласындағы кәсіпорын мамандары бірінші ұшу күнінің кестесі бойынша жұмысты бастайды.
Союз ТМА-22» басқарылатын көліктік ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыраны 14 қараша күні Астана уақыты бойынша 10 сағат 14 минутта ұшырылады.