Азия Кубогы: Баскетболдан Қазақстан құрамасы Үндістан және Қатармен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогына іріктеу аясында Үндістан және Қатармен кездесу кездесу өткізеді. Алғашқы ойын 23 ақпан күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.

Азия Кубогы
Фото: Қазақстан Баскетбол федерациясы

15 ақпанда Астана қаласында жаттығу жиыны басталады. Екі кездесуге дайындық барысына 15 ойыншы шақырылды. Үндістанмен ойыннан кейін құрамамыз 26 ақпан күні сырт алаңда Қатарға қонаққа барады. 

Баскетболшылар тізімі:

1 - Балашов Олег - БК «Иркут Россия»

5 - Куанов Шаим – БК «Тобол»

8 - Иванов Владимир – БК «Барсы Атырау»

9 - Щербак Вадим – ПБК «Астана»

10 - Мурзагалиев Рустам – ПБК «Астана»

11 - Быков Антон – БК «Тобол»

21 - Марчук Роман – ПБК «Астана»

23 - Пан Роберт – БК «Ирбис»

24 - Гаврилов Дмитрий – ПБК «Астана»

25 - Марчук Максим – ПБК «Астана»

26 - Севергин Даниил – БК «Алматинский Легион»

33 - Сахипов Станислав – БК «Алматинский Легион»

47 - Айткали Руслан – ПБК «Астана»

55 - Майдекин Аскар – ПБК «Астана»

76 - Оразбеков Александр – БК «Астана Академия».

Естеріңізге сала кетейік, жеребе қорытындысы бойынша «Дала қасқырлары» іріктеу кезеңінде «Е» тобында Иран, Үндістан және Қатар құрамаларына қарсы ойнайды.

Ойындар кестесі:

23 ақпан 2024: Қазқстан – Үндістан

26 ақпан 2024: Катар – Қазақстан

22 ақпан 2024: Иран – Қазақстан

25 ақпан 2024: Үндістан – Қазақстан

21 ақпан 2025: Қазақстан – Катар

24 ақпан 2025: Қазақстан – Иран

Азия Кубогы 2025 жылдың 5-17 тамызы аралығында Сауд Арабиясында өтеді.

Соңғы жаңалықтар