Баскетболдан «Үміт кубогы» Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды

23 мамырға дейін созылатын бұл бәсекеге Қазақстан халық банкінің қамқорлығындағы 16 балалар үйі мен мектеп-интернатының 200-ден астам тәрбиеленушілері қатысуда. Отандық жетекші қаржы институтының дәстүрлі бұл жарысын ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы ұйымдастырып отыр.
Қазақстан халық банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан бұл жарыстың соңғы жылдары мәртебесін өзгерту және ҚР Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттігінің республикалық спорттық-бұқаралық жарыстар күнтізбесіне енгізу бағытында айтарлықтай жұмыс жүргізген болатын. Осының нәтижесінде, 2011 жылдың қазан айында турнирге Республикалық чемпионат мәртебесі берілді. Ал қараша айында аталмыш шипажайда 2011/2012 жылғы маусымдағы І Қазақстан чемпионатының алғашқы туры өткізілді.