Баспасөздегі объективті сын қала шаруашылығындағы кемшіліктерді болдырмай, мәселелерді шешуге көмектеседі - Павлодар әкімі

None
None
ПАВЛОДАР. 29 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов пен павлодарлық БАҚ қызметкерлерінің кездесуі өзара түсіністік жағдайында өтті.

Қала әкімі оның әрбір күні газеттерді оқудан және телевизиялық шығарылымдарды көруден басталатындығын айтты. «Бұл, журналистер көтерген мәселелерге жедел елеуге көмектеседі. Мен баспасөздегі объективті пікірге қарсы емеспін - ол жұмысқа өз септігін тигізеді», - деді ол.

О.Қайыргелдинов журналистерді қалалықтардың аман-саулығына септігін тигізіп отырған көмекшілер ретінде көреді. Атқарушы билік пен БАҚ-да бір міндет бар - қаланы адамдардың өмірі үшін қолайлы ету.

Қала әкімі газет, радио-телеарналардың басшыларына құрмет грамоталарын, журналистердің үлкен тобына, телевизиялық тілшілерге алғыс хаттар мен гранттарды табыс етіп, оларды жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар
telegram