Бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталығына ата-анасымен бірге барады

Эвакуированных из Кульсары расселили в Актау
Фото: Жанкелді Қаржан/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы тасқыннан эвакуацияланған бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-анасымен бірге баратынын мәлім етті.

«Эвакуациялық пунктердегі балаларды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда эвакуация бекетіндегі 2393 балаға оқу процесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-анасымен бірге жолданады. Ал орта буындағы оқушылар „Дарын“, РФММ, БИЛ және НЗМ сияқты республикалық маңыздағы инновациялық мектеп-лицейлердің жатақханасына орналастырылады. Жоғарғы сынып оқушылары уақытша колледждерге орналастырылады. Оқу ағарту министрлігі қосымша орын әзірлеп қойды», — деді ол.

Сондай-ақ, тасқын аумақтарында 400-ге жуық мектеп психологы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Өңірлік бала құқығы жөніндегі уәкілдердің белсенді жұмысы ұйымдастырылды. Балаларды сауықтыру орталықтарына ұйымдасқан түрде тасымалдау мақсатында қауіпсіздік нұсқаулығы мен алгоритмі әзірленді. Сауықтыру орталықтарына Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарынан 600-ге жуық оқушы қабылданды. Олар сапалы білім алуы үшін қажетті оқу құралдарымен, тамақтанумен, киім-кешекпен қамтылды», — деді Мереке Амангелдіқызы.

 

Соңғы жаңалықтар