Басты мақсат - әлемде жоғары деңгейде ветеринарлық қызметті қамтамасыз ету - ХЭБ президенті К. Кореа

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Біздің жоспарымыз саясат пен стратегияны әлемдегі жоғары деңгейдегі ветеринарлық қызметті қамтамасыз етуге жұмылдыру болып табылады.
None
None

Бүгін Астанада Еуропа бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) аймақтық комиссиясы 24-і конференциясының ашылуы барысында сөз сөйлеген ХЭБ президенті Карлос Кореа осылай мәлім етті.

«Қазақстан мемлекеті басшыларының қолдауымен ұйымдастырылып отырған ХЭБ аймақтық 24-і конференциясы аса маңызды мәселелерді қамтып отыр. Сол тұрғыдан алғанда мен бүгінгі жиынның бұдан кейінгі қадамдарымыздың сәтті болуына барабар ұсынымдар қабылдайтынына сенім білдіремін», деді ХЭБ президенті. Сонымен бірге, ұйым төрағасы ХЭБ стратегиялық жоспарына тоқтала келе, бұнда негізінен ветеринарлық қызметтерді күшейтудің ғаламдық жоспары қамтылғанын жеткізді.

«Былтырғы жылы мамыр айында 2010-2015 жылдарға арналған 5-ші стратегиялық жоспар бекітілген болатын. Жалпы, өз тарапымнан бұндай жоспарлардың аса маңыздылығын атап өткім келеді. Бұдан бөлек, ұлттық ветеринарлық қызметтердің ХЭБ үшін басты элементтер болатындығына баса назар аударғым келеді, біз оларды халықаралық қоғамдық тауар ретінде мойындаймыз. Ал біздің негізгі жоспарымыз саясат пен стратегияны әлемдегі жоғары деңгейдегі ветеринарлық қызметті қамтамасыз етуге жұмылдыру болып табылады», деді ұйым басшысы. Оның айтуынша, халықаралық ұйым әлемдегі ветеринарлық бақылаудың жан-жақты дамуын қолдауға баса мән беретін болады. «Бұның ішінде аса маңызды шара - білім беру және саланы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады», деді К. Кореа.

Соңғы жаңалықтар