Басты мақсат - Қазақстанның жарқын прогрестерін жан-жақты көрсете білу
сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері кіретін осы Мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысының хатшылығы.
Елбасы алға қойған тапсырмалар аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы іс-шараларын өңірлік және республикалық деңгейде дайындау және оларды өткізу жөніндегі нақты міндеттер белгіленді.
Осы мақсатта Елбасының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік комиссияның шеңберінде мынандай төрт жұмыс тобы құрылды:
- ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешев жетекшілік ететін Ұйымдастырушылық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша;
- ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.С.Әшімбаев жетекшілік ететін Ақпараттық қолдау және қоғамдық-саяси мазмұндағы іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша;
- ҚР Мәдениет министрі М.А.Құл-Мұхаммед жетекшілік ететін Мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша;
- Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов жетекшілік ететін Астана қаласындағы мерекелік іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыс тобы.
Отырысты қорытындылаған Қ.Саудабаев: «Елбасымыз Н.Назарбаев атап өткендей, «Тәуелсіздіктің мерейтойы мемлекеттің жаңа тарихындағы аса жарқын айтулы оқиға болуы тиіс. Бұл 2011 жылдың ғана емес, Тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолдардың квинтэссенциясы». Сол үшін 20 жылдық, шынымен де, жалпы ұлттық мереке болуы және оның белсенді қатысушысы әрбір қазақстандық болуы аса маңызды. Біздің басты мақсатымыз - әрбір отандасымыз тәуелсіздік жылдарында өз - ауылының, қаласының, өмірінің жақсы жағына қарай ауысқанын, оған және отбасына Тәуелсіздіктің берген бостандығы мен мүмкіншілігін сезінуі үшін экономика, мәдениет және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы Қазақстанның оң әсер қалдыратын жетістіктерін көрнекі түрде көрсету болып табылады. Соның ішінде осы жетістіктердің барлығында жаңа Қазақстанның архитекторы және құрушысы, әлем мойындаған кемеңгер көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдесі жоқ еңбегін әділ көрсету де ерекше маңызды. Елбасы мен елдің бір тұтас екендігін тағы бір рет көрсету», - деп атап көрсетті.