Басты мақсат - премьер-лигаға оралу - «Ақжайық» бапкері

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Басты мақсат - премьер-лигаға оралу. Бұл туралы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайық» командасының бас бапкері Сергей Зайцев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдық команданы өткен жаздан бері жаттықтырып келе жатқан украиналық маманның айтуынша, жаңа маусымға дайындық қалыпты өтуде.

- Алғашқы жиын болғаннан кейін ең алдымен ойыншылардың дене дайындығына көңіл бөлудеміз. Қазір команда күніне үш рет жаттығуда. Жігіттердің күш-қуатын қалпына келтіріп, техника мен командалық тактиканы қалыптастыруымыз керек. Жаттығу кезінде осы үш мәселеге ерекше назар аударып жатырмыз. Алдымызға премьер-лигаға қайта оралу міндеті қойылғандықтан, оқу-жаттығу жиыны кезінде тынбай еңбек ету маңызды, - дейді бас бапкер.

- Ал командаға жаңадан қосылған жастар жөнінде не айтар едіңіз ?

-Жастарға көңілім толады. Кейбіреулері негізгі құрам ойыншысы болуға дайын. Әзірге олардың есімдерін атамаймын. Бар айтарым - команда тізгінін ұстап қалатын жақсы футболшылар бар. Тек осы қарқынынан таймай, дамылсыз жаттығу керек. Футболда еңбексіз жақсы нәтиже болмайды. Қазір команда жасақталу үстінде, оны күшейту мақсатында бірнеше ойыншы жаңадан алынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Түркияда қандай командалармен жолдастық кездесу өткізетінін жазған болатынбыз.

Бүгін оралдық клуб Сербияның «Спартак» (Суботица) командасымен жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар