Футбол: «Ақжайық» Түркияда қай командалармен ойнайды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңа маусымға дайындалып жатқан «Ақжайықтың» Түркияда қай командалармен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биыл бірінші лигада ойнайтын оралдықтар алғашқы жолдастық матчын алдағы сейсенбіде Сербияның суперлигасында өнер көрсететін «Спартак» (Суботица) командасымен өткізуді жоспарлап отыр.

Батысқазақстандықтар сондай-ақ, 1 ақпан күні Болгарияның бірінші лигасында ойнайтын «Ботев» (Враца), 5 ақпанда Өзбекстан суперлигасының өкілі «Металлург» (Бекабад) , 8 ақпанда Ресейдің екінші лигасында өнер көрсететін «Урожай» (Краснодар) клубымен жасыл алаңға шығады.

Соңғы жолдастық бәсеке 11 ақпан күні өзбекстандық "Андижан" клубымен өтеді.
null

Тағы бір жаңалық, команданы өткен жаздан бері жаттықтырып келген украиналық маман Сергей Зайцев «Ақжайықта» қалатын болды. Енді ол оралдық клубты премьер-лигаға қайта алып шығу үшін күш салмақшы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайыққа» бас бапкер ретінде Сергей Зайцев келгенін, жаңа директор тағайындалғанын және команданың Түркияға аттанғанын жазған болатынбыз.

null

Соңғы жаңалықтар