Басты мәселе қаржыны жарату емес, оның тиімділігін сезіну - Г. Қарағұсова

Депутаттың пайымынша, өкінішке қарай көпшілік жұрт басты мәселе қаржыны жарату деген пікірде. «Ақшаны жұмсауды бәрі біледі, мәселе онда емес. Мәселе оның қалай жұмсалғанында. Бұл туралы Елбасы Н. Назарбаев бірнеше мәрте айтып өтті: мемлекеттік бюджет саясатындағы басты міндет - әрбір тиынның тиімділігінде. Сол үшін белгілі бір бағдарламаның орындалуын еліміздегі әрбір азамат сезінулері керек. Осыған орай, Мемлекет басшысының ағымдағы жылы бекіткен жаңа бюджеттік саясаты белгілі бір деңгейде осы проблемаларды тағы да көтереді. Сонымен қатар, қолданыста жүрген Бюджет кодексінде бюджет қаражатының түпкі нәтижеге бағдарланғаны, оның тиімді болуы тиістігі жазылғанымен, бұл шын мәнінде солай болып жатқан жоқ. Тіпті біз «түпкі нәтиженің» не екенін және «тиімді пайдалану» ұғымдарын сол кодекстен таба алмаймыз да», - деді Г. Қарағұсова.