Басына пышақ қадалған акула адамнан көмек сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кайман аралдарында дайвинг нұсқаушысы акуланың басына қадалған 30 сантиметрлік пышақты суырып алды.
None
None

Кайман аралдары маңында дайверлер тобы су астында болған кезде нұсқаушы Бен Джонсон айнала жүзіп маңынан кетпей қойған, өзін бір түрлі ұстаған ұзындығы бір метрлік акуланы көреді. Жақындап қараған дайвер акуланың басындағы пышақты байқайды.

Дайвер  балық көмек сұрады деп түсінеді де,  акулаға жүзіп барып, басынан пышақты суырып алады. Артынша акула өз бағытымен жүзіп кетті.   

Оның басына пышақты кім сұққаны белгісіз. 2015 жылдан бастап, бұл аралда акула аулауға тыйым салынған. Заң бұзушылар 4 жылға дейін сотталады, не 500 мың долларға дейін айыппұл төлейді.

Соңғы жаңалықтар