Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қанат Жолтайұлы Балтабеков Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына кірісті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қанат Жолтайұлы 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Д. Қонаев атындағы университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1996 жылы Алматы қалалық салық инспекциясында 1-санатты маман лауазымынан бастаған. Салық инспекторы, бөлім басшысы, аудандық басқарма басшысы, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Бұдан бұрын «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті тағайындалғанын жаздық.