Батыс Қазақстан облысына қандастардың көпшілігі Ресейден көшіп келген

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысына соңғы үш жылда 345 қандас қоныс аударған.

Мемлекет басшысы: Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасынан түскен мәліметке қарағанда, қандастар Ресей, сондай-ақ Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжаннан көшіп келген. 

2023 жылы 184 адам облысқа орналасса, соның 134-інің тұрақты жұмысы бар. 50-і жоғары білімді болса, 84-і арнаулы орта оқу орнын бітірген. 

2024 жылы келген 126 қандастың 90-ы тұрақты жұмыс орнын тапқан. 34-і жоғары, 56-сы арнаулы орта білімді меңгерген. 

- Биыл 1 қыркүйекке дейін 35 адам қоныстанса, соның 23-і тұрақты жұмыс істейді. Бесеуінің жоғары, 18-і арнаулы орта білімі бар. Бұлардың арасында 17 ер, 18-і әйел адам, 8-і – зейнеткер, төртеуі – бала. Олардың 24-і Ресейден, жетеуі Өзбекстаннан, Түркменстан, Иран, Иордания мен Мысырдан бір-бір адамнан қоныс аударған, - деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО статистика департаментінің 1 тамыздағы мәліметі бойынша облыс халқы 695,9 мың болса, соның 400,3 мыңы немесе 57,5 пайызы – қала, 295,6 мыңы (42,5 пайызы) – ауыл тұрғындары.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 700-ден астам жастың әскер қатарын толықтыратынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар