Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

9 облыстағы автожолдардың 42 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

– 2025 жылғы 21 қараша сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Атырау-Орал» автожолының 373-492 шақырым аралығындағы учаскесінде (Чапай ауылы - Орал қаласы) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

2025 жылғы 22 қараша сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін 21 қарашада еліміздегі қай жолдарда қозғалыс шектелгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар