10:30, 26 Сәуір 2024 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталды – ТЖМ
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы тың мәліметпен бөлісті.

«Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, БҚО және СҚО-да су тасқынына қарсы және салдарын жою іс-шаралары мен халыққа көмек жұмыстары жалғасуда. Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталуда. Су басқан өңірлерге мониторинг жүргізу және патурльдеу үздіксіз жұмыс істеп тұр», - деді министрліктің ресми өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Кеше БҚО-да 30 млн текше метр тасқын су көлдерге жіберілгені туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ, аталған өңірге бірнеше елден гуманитарлық көмек жеткізілді.