Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметінен кетті

ОРАЛ. KAZINFORM –  Батыс Қазақстан облысының прокуроры Серік Шалабаев қызметінен босатылды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметінен кетті
Фото: gov.kz

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, С.Шалабаевтың қызметте болудың шекті жасына жетуіне байланысты Бас прокурордың бұйрығы шыққан. 

Қазір БҚО прокурорының міндетін Дәурен Омарғалиев атқарып жатыр.

Серік Рысқалиұлы 1965 жылы Маңғыстау облысы, Таушық ауылында дүниеге келген.

Прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарды.

2022 жылғы 27 шілдеден бері Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар