Батыс Қазақстанда 1,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың күші жойылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласы прокуратурасының актісімен жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайтын орташа жол жөндеу бойынша 5 конкурсқа тосқауыл қойылды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оған демпингке қарсы талаптардың бұзылуы негіз болды.
Оған сәйкес орташа жол жөндеу кезінде әлеуетті өнім берушінің бағасы, егер ол техникалық құжаттамада көрсетілген бағадан 5 пайыздан астам төмен болса, демпингтік баға деп танылады.
«Алайда, осыған қарамастан, Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі жол жөндеуге сатып алуды ұйымдастыру кезінде демпинг белгісін 20 пайызға (заңды 5 пайызбен) негізсіз өсірді. Бұл әлеуетті жеткізушілерге демпинге қарсы баға ұсыныстарын ұсынып, олардың жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Қадағалау актісі бойынша 1,3 млрд теңгеден астам сомаға сатып алулар жойылып, заңнамаға сәйкестендірілді. Қабылданған шаралар мемлекеттік сатып алуда кәсіпкерлік субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті қалпына келтіруге мүмкіндік берді», деп хабарлады ведомстводан.