Батыс Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл хабарлама жасады.

Ауа райына байланысты Жамбыл және Абай облыстарында жол жабылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылды: 

— «Ақтөбе- Орал- РФ шекарасы» автожолының 195-246 шақырым аралығындағы ЖП постынан — Сырым бақылау пунктіне дейін; 

— «Ақтөбе- Орал- РФ шекарасы» автожолының 273-393 шақырым аралығындағы Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін.

— «Атырау- Орал» автожолының 373-492 шақырым аралығындағы Чапаев ауылынан Орал қаласына дейін.

Сонымен қатар сағат 21:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 шақырым аралығы (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

— Жолды 2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын елімізде 250 шақырым автожол анықталған ақауларға байланысты уақытша тегін болатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар