Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды
Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Kazinform.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 10 қаңтар күні сағат 17.00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Атырау жолы (Орал қаласынан Ақжайық ауданына дейін, 492-375 км) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.
Жабылу себебі – жолдың нашар көрінуі, жел.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті облыс тұрғындарына сақ болу керектігін ескертеді.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес 11 қаңтарда облыстың батысы мен оңтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ күндіз кей жерлерде көктайғақ болып, бұрқасын көтерілуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО-да 5 адам қаза тапқан жол апатына тап болған кішкентай сәбидің жағдайы ауыр.