Батыс Қазақстанда далада құрғақ шөп өртенді
ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында құрғақ шөп жанды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 мамыр күні сағат 15.05-те Ұялы ауылдық округі аумағында болды.

«Ұялы ауылынан 5 шақырым жерде 5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Жану сағат 16.20-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 25 адам, 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. Биыл жыл басынан бері 1 орман, 1 дала өрті тіркелді, бірақ орман өртенген жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.
Ұялы ауылдық округінің әкімі Ерлан Ермекқалиев оқиғаның басы-қасында болғанын жеткізді. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, көптен бері жаңбыр жаумағандықтан, шөптің шығымы да ойдағыдай емес, қуаңшылық болуы да ықтимал.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі қабатты мейрамхананың шатыры жанғанын жазған болатынбыз.