Батыс Қазақстанда дауыс беру басталды
ОРАЛ. KAZINFORM – Бүгін Батыс Қазақстан облысында 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық референдум комиссиясы 496 учаскелік комиссия жұмыс жасауда. Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 07.00-де басталды. Батыс Қазақстан облысында барлығы 496 учаске жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы БҚО аумақтық референдум комиссиясы хабарлады.

2024 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны — 444 428 адамды құрайды.

— Облыс тұрғындарына референдумға қатысу үшін шақыру билеттері дайындалып, таратылды. Референдумның учаскелік комиссиялары барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін жағдайлар жасалған. Референдумның барлық учаскелері 1 қабатта орналасқан. Дауыс беру күні мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштамалар ұйымдастыру, қажет болған жағдайда сурдоаудармашыларды, инватакси қызметі жұмыс жасауда, — дейді көмиссия төрағасы.
Бүгін учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00–ден 20:00–ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00–де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды.