Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылының маңында болды. Дрон түсіп, жарылыс болған. Жарылыс толқыны үйлерді шайқаған.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде мүдделі органдармен бірге Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшатын аппарат бөліктеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
— Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.


Бұдан бұрын да Батыс Қазақстан облысы аумағына бірнеше дрон құлаған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағанын жазған едік.