Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда заңсыз елік аулаған төрт адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысында заңсыз елік аулаған төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Kazinform. 

 Батыс Қазақстанда заңсыз елік аулаған төрт адам ұсталды
Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 2 қараша күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

«Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кешкі сағат 20.20-да Утвинка ауылынан 500 метр қашықтықта «Toyota Hilux» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің салонынан 2 қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың 2 ұшасы, 2 тері және 7 аяғы табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қолға түскен 23, 40, 37 және 46 жастағы тұрғындар бұл әрекетін аң аулауға шыққанымен түсіндірді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.