Батыс Қазақстанда жасөспірім өз өмірін қиды
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсап, көз жұмды.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 маусым күні Теректі ауданындағы ауылдардың бірінде болды.
- Суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Ақсуат ауылында болды. Биыл 10-сыныпты бітірген 2010 жылғы жасөспірім кешкісін өз үйінің ауласында асылып қалған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазған едік.