Батыс пен солтүстікте жаңбыр аралас бұршақ жауып, дауыл соғады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

— Солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте — қатты жаңбыр, кей жерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде — антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте — шаңды дауылдар болуы ықтимал. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Бірқатар облыста аптап ыстық күтіледі:
-
Жетісу облысы — күндіз 35–38°C, оңтүстігінде 40°C.
-
Алматы облысы — 35–37°C, батысы мен солтүстігінде 42°C дейін.
-
Жамбыл облысы — 38–40°C.
-
Түркістан және Қызылорда облыстары — 40–42°C.
-
Ұлытау және Қарағанды облыстарының орталығы — 35–36°C.
-
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде — 35°C.
Синоптиктер төмендегі өңірлерде жоғары өрт қаупі туралы ескертті:
-
Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай (батысы, шығысы, солтүстігі),
- Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан (орталығы),
- Ақмола (оңтүстігі мен шығысы),
- Павлодар (батысы, оңтүстігі, шығысы).
Сонымен қатар төтенше өрт қаупі бар аймақтар анықталды:
-
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл,
-
Жетісу, Ұлытау (орталығы мен оңтүстігі),
-
Атырау (шығысы, батысы, оңтүстігі),
-
Қарағанды (шығысы мен орталығы),
-
Ақтөбе (оңтүстігі),
-
Батыс Қазақстан (шығысы),
-
Қостанай (оңтүстігі мен солтүстік-батысы),
-
Абай облысының орталығы.
Осыдан бұрын синоптиктер 24-26 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.