Батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерде жылы болып, солтүстікте үсік жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр, найзағай күтіледі, жел күшейеді. Еліміздің барлық дерлік өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде 25–26 қыркүйекте 1–2°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +20…+28°С-қа дейін, солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С-қа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15°С аралығында болады.
Ал еліміздің орталығы мен шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.