Батыстағы 3 өңірге қосымша газ жөнелтілді – Энергетика министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе, Маңғыстау және БҚО-ға сұйытылған газдың қосымша көлемде сұйытылған газ жіберілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

БҚО газ
Фото: Kazinform/Ғайсағали Сейтақ

«24 қазанда Ақтөбе облысына Шымкент мұнай өңдеу зауыты ресурсынан 900 тонна қосымша сұйытылған газ бөлінді. Батыс Қазақстан облысына «Теңізшевройл» ресурстарынан 180 тонна қосымша сұйытылған газ жеткізілді. Ал Маңғыстау облысындағы «Қазақ газ өңдеу» зауытында сұйытылған газдың тәуліктік жүктеу көлемі 100-150 тоннаға ұлғайтылды», - делінген хабарламада. 

Айта кетсек, Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы туралы бұған дейін де хабарлаған едік. https://kaz.inform.kz/news/aktobede-suyitilgan-gaz-al-de-tapshi-b1cd58/ 
Еске салсақ, Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы жазда басталды. Қаладағы газ құю бекеттерінде ұзынсонар кезек түзілген. Газдың литрі 59 тг сатылып жатқанымен, жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүр болды.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында сұйытылған газ тапшылығы туындады. 
Одан бөлек, бүгін ғана Ақтауда сұйытылған газға ұзын-сонар кезек байқалған. Көлік жүргізушілер бұл проблеманың бір апта бұрын басталғанын айтуда.

Соңғы жаңалықтар