Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-12-13 наурыз күндері «Евразия» СК жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Осымен 20 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан дүбірлі бәсекеге Алматы, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 300-ден аса спортшылар қатысады.

Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Б.Шалғынбаев атындағы қор.

Жүлде қоры: 1-орынға жеңіл автокөлік, 2,3 - орындарға ақшалай сыйлық беріледі.

2

Соңғы жаңалықтар
telegram