«Батыс» ӘКК автожол құрылысы үшін құм және саз өндіру жобаларымен айналыспақ

АҚТӨБЕ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы автожол құрылысы үшін құм және саз өндірумен айналыспақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ӘКК ақпараттық-талдау департаментінде атап көрсеткеніндей, жақында корпорация Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен «Ақтөбе» кенішінде құрылысқа қажетті топырақты барлау және өндіру жөнінде келісімшарт жасасты. Сондай-ақ Зеленов ауданы аумағында да сазды шикізат барлау және өндіру жөнінде Батыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісімшарт жасалды. Корпорация бұл жобаға стратегиялық әріптес ретінде қазақстандық компанияны тартуды жоспарлап отыр. Бұл орайда инвестор жобаны қаржыландыру, осы заманғы технологияларды тарту және қазақстандық нарыққа дайын өнімді сату міндеттемелерін мойнына алады. «Батыс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Таспихов келісімшарттың міндетті талаптарында инвестордың барлық техникалық, экологиялық және табиғат қорғау заңнамаларын сақтауы көзделгенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар